MECENAT.KZ жобасы бойынша алғашқы 3 маусымның жалпылама есебі (2021-2024 ж.ж)
Ерлан Асқарбеков
Жоба авторы
Алматы
2024 жылғы 3 қазан
2021 жылы қазіргі Қазақстан туралы ең үздік роман үшін «Mecenat.kz» әдеби сыйлығының негізі қаланып, соның арқасында отандық авторлар өз шығармаларын кеңінен насихаттау мүмкіндігіне ие болды. Әр жыл сайын бір жеңімпаз анықталады, әрі жеңімпаздарымыз өмір бойы ай сайын 500 АҚШ доллары көлемінде аннуитет (зейнетақы) алады.
Байқаудың мақсаты – қазақ әдебиетін дамыту және кітап оқуға деген халықтың қызығушылықты арттыру, еліміздің қаламгерлерін кәсібилендіру және отандық авторларды әлемдік ірі кітап нарығына шығару.
Бірінші маусымда 67 роман, екіншісінде 58, үшіншіде 40 роман бәйгеге қатысты.
Сонымен қатар, мәтіндердің сапасы мен қатысушылардың тәжірибесі жыл сайын артып келеді.
БҰЛ ЕСЕПТІҢ МАҚСАТЫ НЕ?
Әлдебір сұхбатта филантроп Тимур Турлов мырза біздің жобаны неліктен қолдағанын айта келіп: «Қазақстан – үлкен мүмкіндіктер мен таланттардың елі», – дейді. Қазақстандағы, шетелдегі ең бай және беделді адамдарға, журналистерге жобамыздың үш маусымы жайлы ашық айтқымыз келеді.
ҚАНДАЙ ТАҚЫРЫПТАР ҚАМТЫЛАДЫ:
I. әділ дауыс беру
II. атқарылған жұмыстар тізімі
III. жобаның ықпалы
IV. бұқаралық ақпарат құралдарындағы рефлексия
V. жоспарлар
I. ӘДІЛ ДАУЫС БЕРУ:
Жазушыларды көп толғандыратын сұрақ – дауыс беру әділ өте ме? Әділ өту үшін бес кезеңнен тұратын іріктеу жұмыстарын жыл сайын дамытып, жетілдіріп келеміз.
Бірінші кезең. Техникалық іріктеу.
Техникалық іріктеуді өзім жүргіземін. Ең алдымен белгі санын тексеремін. Алғашқы 2 маусымда қатысушылар ISBN коды бар, жарияланған кітаптарды байқауға жіберді. 3 маусымда аты-жөні жоқ шығарма болды – автор есімінің орнын бос орындармен толтырған. Сондай-ақ осы жылы ыңғайсыз жайт орын алды: Freedom холдингінің қызметкері болса бір сәрі, қызық болғанда Freedom Life сақтандыру компаниясының қызметкері қолжазба жіберген. Расымен, қызық жағдай, алайда ол автор ұтып кеткен болса, біздің зиялы қауым бұған сенбес еді. Тәжірибе жинап жатқандықтан, осы маусымнан кейін талабымызға біз мүдделер қайшылығына қатысты үлкен тарауды қосуға тура келді, өйткені жобаны көптеген БАҚ және ондаған басшылар жұмыс істейтін мемлекеттік органдар қолдайды.
Техникалық іріктеуден кейін барлық қалған шығармалардан автордың аты-жөнін өшіріп, 1-бетке романның кодын 2 цифрмен жазамын. Финалға өткендердің тізімі жарияланғанға дейін авторлардың есімдерін менен басқа ешкім білмейді.
Екінші кезең. Ридерлер жұмысы.
Содан кейін 2 апта бойы арнайы ридерлер қолжазбаларды алдын ала сүзгіден өткізеді. Ридерлер филолог, немесе сценарист, әдебиеттанушылар болады. Тек жазушы емес, өйткені мүдделер қақтығысы болмауы керек. Ридерлерді іріктеу кезінде көркем әдебиетті қаншалықты білетіні, жалпы эрудициясы мен оқу жылдамдығы тексеріледі.
2 ридер қазақ тілінде, 2 ридер орыс тілінде жұмыс істейді. Олар өз тілінде жазылған барлық қолжазбаларды толық оқып, 0-ден 5-ке дейін бағалайды.
Біз өзіміздің бағалау жүйесін әзірледік:
0 – Ережеде жазылған техникалық қателер.
1 – өте әлсіз жазылған, графоманиялық мәтін. Ридерлер өздерін қинап оқуға мәжбүр болды.
2 – жақсы мәтін, бірақ ридерлер оны қайта оқығысы келмейді.
3 - керемет шығарма. Ридерлер болашақта автормен танысып, оның кітабын қағаз түрінде сатып алып, қайталап оқығысы келеді.
4 – ұлттық деңгейдегі гений. Бұлар Абай, Әуезов, Мақатаев, Мүсірепов, Майлин т.б. Бұл шығарма желісімен кино түсіріліп, баспадан көп данамен жарыққа шығарып, көптеген шет тілдерге аудару керек.
5 - әлемдік деңгейдегі гений. Бұл Дж.К.Роулинг, Маркес, Хемингуэй, Достоевский. Ридерлер осындай шығарманы кезіктірсе, Mecenat.kz жобасына көмектесу үшін еріктілер қатарына қосылып, өмірін арнағысы келеді.
Көріп отырғаныңыздай, 4 және 5 деген баға алу мүмкін емес.
Ридерлер шағын пікірімен мен олардың рейтингтерін жазады. Бізде барлық маусымдардың барлық хаттамаларын сақтаулы тұр. Бірақ ол құпия.
Ридерлерді кем дегенде 2 жыл сайын ауыстырамыз, бірақ жыл сайын болғаны жақсырақ, әрине.
Үшінші кезең. Супер ридерлердің жұмысы.
Ридерлердің жұмысы қайта тексеріледі. Супер ридерлер 2 маусымнан бастап жұмыс істей бастады. Бұлар әдебиет саласындағы беделді тұлғалар. Мысалы, 3 маусымда әдебиет туралы жалғыз телебағдарламаның авторы, сонымен қатар Жазушылар одағы шығаратын ең көне әдеби журналдың бас редакторы болды. Болашақта баспаларға, аудармашыларға, әдеби агенттерге, редакторларға, кино және телепродюсерлерге баса назар аудару керек деп ойлаймын. Біз осы бойынша да жұмыстар атқарып жүрміз.
Супер ридерлердің әрқайсысы максималды ұпай жинаған қазақ тілінде 6 роман, орыс тілінде 6 роман оқиды.
Супер ридерлер жұмысына бір апта қалғанда бірлесіп жұмыс істеуге құпия шақырту алады, әрі олар авторлардың аты-жөнін білмейді. Бағалау процесінің барынша объективтілігін қамтамасыз ету үшін бәрі жасалған. 3 маусымның тәжірибесіне сүйенсек, супер ридерлердің бағасы ридерлердің бағасымен сәйкес келеді. Десе де, супер ридерлер ридерлер қойған бағадан бейхабар. Ридерлердің кім екенін де білмейді.
Осылайша, дауыс беру кезеңіне 6 роман ақтық сайысқа шығады: 3-і қазақ тілінде, 3-і орыс тілінде.
Төртінші кезең. Халық – қазылар алқасы.
Оқырмандардың дауыс беруі 1 айға созылады. Оқырмандар финалға өткен 6 романның кез келгенін сайтымыздан жүктеп алып, қазақстандық ұялы телефон номеріне келетін SMS кодын пайдаланып, оқып, аты-жөнін растап дауыс береді. 2 маусымнан бастап біз оқырмандардан 200-ден 300 белгіге дейін қысқаша пікір жазуды талап ете бастадық. 1 маусым кезінде 5 рет «топырлатып өтірік дауыс жинау» орын алды. Мұндай жағдайлар 2 маусымнан бастап сап тыйылды.
Біз пікірлерді модерациялаймыз, бос сөздерді, орынсыз әріптерді, тыныс белгілерін жөн-жосықсыз пайдалануды және пікірлерді көшіріп қоюды болдырмаймыз (өте қиын). Бірақ пікірлердің шамамен 90% шынайы. Біз сайтқа кірген оқырмандардың санын, романдардың қанша рет жүктелгенін, сайттағы пайдаланушылардың орташа уақытын және Қазақстанның түкпір-түкпірінен берілген дауыс бойынша географиясын көреміз.
Биылғы маусымда біз сайт бетінде оқырмандардың пікірлері мен толық аты-жөндерін ғана емес, сонымен қатар аймақтардың географиясын көрсете бастадық. Осылайша автордың туыстары ғана дауыс береді деген халық мифін әшкереледік.
Пікірлер арқылы біз студенттерді, жұмыссыздарды және т.б. дауыс беруге жұмысқа алу немесе қандай да бір жолмен мәжбүрлеу мүмкіндігін тоқтаттық. 1 маусымда мұндай әрекеттер болды. Шын оқырман қай романға дауыс бергенін ұмытпайды.
Маңызды пікірлері бар дауыстарды ғана қалдыра отырып, біз жеңімпаздыққа үміткерлерді көреміз.
Бесінші кезең. Дауыс аудиті
Дауыс беру нәтижесі бойынша 1-ші және 2-ші орынға ие болған шығармаларға дауыс берген оқырмандардың бәріне хабарласамыз. Олар қай өңірден дауыс берді, қандай шығармаға, шығарманың кейіпкері кім, не туралы деген сияқты қарапайым сұрақтар қоямыз. Біз тек расталған дауыстарды санаймыз.
Біз бұл процесті видеоға түсіреміз және мен ол видеоны сақтаймын. Тексеріп көріп шығуға бір аптаға жуық уақыт кетеді. Біз оларды ресми өтініш бойынша, кез келген әдеби ұйымының өкілдеріне бір апта ішінде кеңсемізде көрсетуге дайынбыз. Әрі көрген адам әділ екеніне көзі жетсе, соны растап, видеоүндеу жасағанын қалаймыз.
Біз бұл процеске барлық әдеби ұйымды шақырдық. Үнсіз. Олардың үнсіздігі бізге толық сенім мен қолдау білдіретіндерінің белгісі болса керек.
Ендеше, еліміздегі қаламгерлердің басым көпшілігі байқаудың әділдігіне көз жеткізіп отыр деп санаймыз.
II. АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ
2021 жылдың тамызынан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін орындалды:
III. ЖОБАНЫҢ ЫҚПАЛЫ
Елімізде бізден кейін кем дегенде 8 үлкен прозалық байқаулар пайда болды:
|
№ |
Әдеби байқаудың атауы |
Әдеби байқаудың негізі қаланған уақыт |
Бас жүлденің көлемі |
Романдары бар қатысушылардың саны |
Google-да байқаудың аты неше рет аталған |
Ұйымдастырушылары |
|
1 |
Mecenat.kz |
2021 |
40 жыл өмір сүрсеңіз 240 000 долларға дейін |
1, 2 және 3 маусымдарда 67, 58, 40 (барлығы 165) роман |
6040 |
Ерлан Асқарбеков пен Тимур Турлов, 3 маусымның ортасынан бастап, «Фридом Шапағат» қоры қаржыландырады |
|
2 |
Айбоз |
2022 |
5 000 000 теңге бір реттік |
роман саны белгісіз |
5740 |
Мәдениет министрлігі |
|
3 |
«Жас қалам - жаңа роман» |
2023 |
әр авторға 500 000 теңгеден 3 ай (3 автор) |
3 |
329 |
«Белес» серіктестігі мен Жазушылар одағы |
|
4 |
«Алқа» баспасынан повеске грант |
2024 |
1 000 000 теңге бір реттік |
0 |
1610 |
«Алқа баспасы» баспасы |
|
5 |
«Қаламдас» |
2022 |
Әрбір номинация үшін 200 000 теңге бір реттік |
0 |
3070 |
Бірінші маусымда «Шеврон» және Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы. Екінші және үшінші маусымда EZ Solutions жарнама агенттігі |
|
6 |
Айтұмар |
2022 жыл (бір рет ұйымдастырылған) |
|
|
1070 |
«Samruk-Kazyna Trust», Жазушылар одағы |
|
7 |
Президенттік әдеби сыйлық |
2023 |
4 000 000 теңге бір реттік |
|
5390 |
Мәдениет және ақпарат министрлігі |
|
8 |
Кемел Қаламгер |
2023 жыл (Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы) (бір рет ұйымдастырылған), |
10 000 000 теңге бір реттік |
1 |
4540 |
Кемел Тоқаев қоры мен Жазушылар одағы |
|
9 |
Алтын сақа |
2022 жыл (бір рет ұйымдастырылды) |
300 000 бір реттік |
|
304 |
Ақпарат министрлігі және Жазушылар одағы |
IV. БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ
Жобаға негізгі қолдау қаржыны алғаннан кейін елдегі ең үлкен теле-радио кешені прайм-тайм уақытында бейнебаяндарымыз бен джинглдерімізді эфирге тегін шығарды. Ақшалай есептегенде бұл көмек жобаны қаржыландырудан көп болмаса, кем емес деп сеніммен айта аламыз. Қазақстандық БАҚ-тың отандық қаламгерлерге көрсеткен үлкен құрметі деп білеміз.
Жоба туралы жарияланымдар санының артуы оған қоғамның үлкен қызығушылығын көрсетеді:
|
|
1 маусым (2021 жылдың желтоқсаны – 2022 жылдың тамызы) |
2 маусым (2022 жылдың қыркүйегі – 2023 жылдың қазаны) |
3 маусым (2023 ж. қараша – 2024 ж. қыркүйек) |
4 маусым |
|
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар |
37 |
71 |
45 |
93 |
|
Блогосферадағы жарияланымдар |
15 |
13 |
106 |
110 |
|
Барлығы |
52 |
84 |
151 |
203 |
Қолдау білдіргендер:
Негізгі ақпараттық серіктес:
Ресми медиа серіктесі:
Ақпараттық серіктестер:
Бізге әдебиет әлеміндегі Дулат Исабеков, Смағұл Елубай, Бақыт Кенжеев, Роллан Сейсенбаев, Ұлықбек Есдәулет, Ақберен Елгезек сынды ірі жазушылар қолдау көрсетті.
Біздің филантроп Тимур Турлов үшін оның атын немесе компанияларының брендін атап өту мақсат болмаса да, БАҚ пен блогерлер, әрине, жоба туралы айтқанда оларды атап өтеді және бұл сан да жыл сайын артып келеді:
|
|
1 маусым (2021 жылдың желтоқсаны – 2022 жылдың тамызы) |
2 маусым (2022 жылдың қыркүйегі – 2023 жылдың қыркүйегі) |
3 маусым (2023 ж. қазан – 2024 ж. қыркүйек)
|
4 маусым |
|
Freedom бренді |
2 |
3 |
91 |
95 |
|
Тимур Турлов есімі |
3 |
34 |
81 |
85 |
|
Барлығы |
5 |
37 |
172 |
180 |
V. 4-МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАР
ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗ
Біз халқымыздың талантына сенеміз.
Біздің тарихымыз тереңде деп есептейміз.
Біз жазушыларымыздың шахматшыларды, боксшыларды, музыканттар мен режиссерлерімізді қуып жетіп, басып озғанын қалаймыз.
Жобаны кеңейтудің негізгі жоспарлары қосымша меценаттарды қажет етеді. Сондықтан бұл есепті Қазақстанды біз секілді, біздің финалистеріміз сияқты, Тимур Русланович Турлов сияқты жақсы көретін өте бай адамға жіберіңіз.
1 маусым:
2022 жылы “Күлпет” романы жеңіске жетті, авторы Шархан Қазығұл
2 маусым:
2023 жылы “Өлгендер қайтып келеді” романы жеңіске жетті, авторы Тұрысбек Сәукетаев
3 маусым:
2024 жылы “Өмір бәйтерегі” романы жеңімпаз атанды, ааторы Сәуле Досжан
4 маусым:
2025 жылы «Тургенев көшесіндегі үй жұмысқа қабылдайды» романы жеңіске жетті, авторы - Әлихан Жақсылық