Ереже
Қазіргі Қазақстан туралы үздік роман үшін жыл сайын берілетін MECENAT.KZ әдеби сыйлығы -бұл Қазақстан азаматтарының, ел патриоттарының және әдебиет кәсіпқойларының тәуелсіз, саяси емес, азаматтық жобасы.
Байқауды ұйымдастырушылар Авторлардың шығармаларының нақты адамдармен және оқиғалармен сәйкес келгені үшін жауап бермейді.
1.Сыйлықтың мақсаты
Қазіргі қазақстандық әдебиеттегі қоғамдық мұраттарды анықтау, әдеби шығармашылықты ынталандыру, мәдени дамудың жаңа векторларын, мәдениетаралық өзара ықпалдастықтың жаңа бағыттарын іздестіру жолымен қазақстандық әдебиетті дамыту және әлемдік әдеби кеңістікке шығару.
Роман қазіргі әдебиет болмысының әлеуметтік маңыздырақ нысаны болғандықтан, ірі прозалық шығарма нысанына артықшылық беріледі.
2.Сыйлықтың міндеттері
- әлемдік әдеби кеңістікке шығуға қабілетті жаңа қазақстандық роман жазушыларды анықтау
- көркем әдебиетке деген қоғамдық қажеттілікті қалыптастыру
- балама әдеби сайыстардың, фестивальдардың, жәрмеңкелердің пайда болуы
3.Сыйлық нысаны
Конкурс жеңімпаздары жеңімпаздың жеке шотына аударылатын күнгі есеп айырысу бағамы бойынша ұлттық валюта теңгемен айына кемінде 500 АҚШ доллары мөлшерінде аударылатын өмір бойғы төлемге ие болады. Сыйлық мұрагерлік бойынша берілмейді. Сыйлық өмірде бір рет беріледі, өткен байқаулардың жеңімпаздары одан кейінгі жарыстарға қатыса алмайды.
4.Сыйлықтың басты қағидаты
Шешім қабылдау процесінің мейлінше объективтілігі мен демократиялылығы.
5. Іріктеу қағидалары
- байқауға ұсынылатын шығармалардың жазылатын тілдері – қазақ және орыс тілдері.
- қазақ және орыс тілдерінің озық стандарттары.
- жанры – тек роман.
- естеліктер қабылданбайды.
- плагиат болмауы тиіс.
- көлемі – қатысушылар шығармаларды жоба серверіне Microsoft Word форматындағы бір файлмен жүктейді. Романның көлемі бос орындармен, тыныс белгілерімен қоса есептегенде 150 000 белгіден бастап, 300 000 белгіге дейін болуы шарт.
- Байқауға қатысушы өз өтінімінің дұрыс рәсімделуіне, интернеттің жылдамдығына, компьютердің болуы мен бағдарламалық жасақтаманы пайдалана білуіне өзі жауапты болады.
- тіркеу кезінде ұйымдастырушыларға байланыс үшін өзінің және қосымша (жақын туыстарының) телефондары және email ұсынылады.
- бүркеншік атпен жазылған жұмыстар қабылданбайды.
- композиция, стилистика мейлінше әдеби кәсіпқойлықпен зерделеніп, көркем бөліктері шынайылықпен пысықталуы тиіс.
- оқырмандарға үміт беруі тиіс.
- бейәдеп сөздерден тұратын лексиканы, адамды суицидке бейімділікке немесе зиянды заттар тұтынуға шақыратын нақты жарнама қолданбауы, бұл ретте сонымен бірге қандай болмасын идеологияны немесе экстремистік насихат жүргізбеуі, ұйымдар мен коммерциялық брендтерді жарнамаламауы тиіс. Сондай-ақ Қазақстан президенттерін артық дәріптемегені жөн – елге президенттер туралы емес, халық туралы романдар қажет. Қолжазбаларды бастапқы сұрыптауды арнайы жалданған ридерлер жүргізеді.
- ридерлер тобы – бұлар кәсіби әдебиет сыншылары, немесе республикалық әдеби баспалардың бас редакторлары, немесе республикалық әдеби журналдардың жауапты хатшылары, Қазақстанның ірі университеттеріндегі әдебиет пәнінің оқытушылары мамандықтары бойынша жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары.
- жаңа көркемдік үлгілерді іздеу және дәстүрлі нысандарды толықтыру
- терең философияны жалпы оқырман үшін тартымды және танымал мазмұнмен ұштастыру
- Қазақстанда тұратын түрлі ұлт мәдениеттерінің өзара ықпалдастығының шығармашылық әлеуетін ашып көрсету
- сюжет 1900 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді, осы кезеңдегі кез-келген мерзімге созылған кез-келген уақытты қамтуы тиіс
- шығармада оқиғаның өрбитін орны Қазақстан болуы керек
- шетелдік оқырмандар үшін тартымды болуы тиіс, үздік шетелдік баспаларда және "салмақты" журналдарда жарияланатын әлеуеті болғаны жөн
- романның кез келген жанры (балаларға арналған, фантастикалық, тарихи, өлеңмен жазылған және т.б.). Егер роман тарихи жанрда болса, онда ол архив құжаттарына сүйенуі керек.
- қолжазбалар рецензияланбайды және қайтарылмайды
- байқауға қатысушылар БАҚ іс-шараларына қатысуға толық келіседі, жеңіске жеткен жағдайда бірінші басылымына келісім береді, авторлық құқықтар толығымен өздерінде қалады
- мүмкіндігінше, кино түсіруге, ТВ, радио және театрда көрсетуге бейімделгені жөн
- өтінім берген қатысушы біреу болуы тиіс, өйткені тең авторлардың өтінімдері қабылданбайды.
- сыйлық жыл сайын тағайындалады және мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі бір ғана туындыға беріледі
- Сыйлыққа ие болу байқауына қатысуға қазақ тіліндегі қолжазбалар кез келген ел азаматтарынан, орыс тіліндегі қолжазбалар тек Қазақстан азаматтарынан қабылданады.
- дауыс беру Сыйлықтың сайтында ғана жүргізіледі
- Сыйлықты ұйымдастырушы, оның штаттық және штаттан тыс қызметкерлері, ридерлер және олардың отбасы мүшелері байқауға қатысуға құқылы емес.
- Дауыс берудің басталу және аяқталу кезеңінде шығарылған, ББК немесе ISBN бар, дәстүрлі баспаларда немесе Amazon, Ridero тәрізді кітаптардың электронды сату сервистерінде жеке басылыммен шығарылған романдардың байқауға қатысуына рұқсат берілмейді.
- Егер басылымға шыққан романның мәтіні қайта жазылатын болса, мәтіннің 50%-дан астам бөлігі өзгертілуі тиіс. Бұл туралы кемінде екі кәсіби сыншының растаушы пікірін осы екі мәтіннің жиілік талдаумен қосып жіберу қажет.
6.Дауыс беру механикасы
- дауыс беруді бастау
- жұртшылыққа кеңінен жария ету
- Сыйлық туралы хабарландыру берілген күннен бастап 120-150 күн ішінде mecenat.kz немесе maecenas.kz немесе mecenatkz.com мекенжайларындағы Сыйлық сайтында аты-жөні бүркелмеген өтінімдерді қабылдау басталады
- Романның қолжазбалары рецензияланбайды және қайтарылмайды. Қатысушының атынан серверге толық салынады, сосын ридерлердің модерациясынан кейін, дауыс беру басталатын күні автоматты түрде сайтқа жарияланады.
- дауыс беру аралығында 4 аптаға созылады
- ридерлер Байқау туралы ережені бұзатын өтінімдерді алдын-ала сұрыптайды
- қабылданбаған туындылардың авторлары шығармаларының халықтық дауыс беруге өткізілмегендігі туралы қысқаша хабарлама алады. Бұл туындыларға еш рецензия жасалмайды және ұйымдастырушылар тарапынан еш түсіндірілмейді
- "Оқырман" рөлінде ашық тіркелгеннен кейін (байқауға қатысушылар сайтта дауыс бере алмайды) оқырмандар өздерінің шын аты-жөнімен қатысушылардың ұнаған жұмыстарына дауыс береді. Әр адам бір ғана дауыс береді.
- рәсім онлайн режимде жалпыға қолжетімді, яғни әрбір өтінім бойынша қанша дауыс берілгені үнемі көрініп тұрады және басқа сәйкестендіру деректерінсіз, дауыс бергендердің аты-жөнін көруге болады. Осылайша байқаудың ашықтығына ұйымдастырушылар, әдеби қауымдастық және қоғамдық пікір үш жақтан бақылау жүргізіп отырады.
- Егер ридерлер тобы қателескен жағдайда және қатысушының шығармасында плагиат бар екендігі дәлелденсе немесе Ереже бойынша іріктеу қағидаларына қайшы келсе, сондай-ақ оқырмандардың дауыстарын айла-шарғы жасау фактілері мен бақылау қоңырауларына жауаптардың шатасу фактілері орын алса ұйымдастырушылар бұл өтінімді келіспей және ескертусіз дисквалификациялауға құқылы.
- қазақстандықтардың ең көп дауысына ие болған шығарманың авторы жеңімпаз болып анықталады. Жеңімпаз өзінің жүлдені ризашылықпен қабылдайтынын растап, шартқа қол қояды, Сыйлықтың жабылу рәсіміне, оқырмандарға қолтаңба беру сессиясына қатысады және ұйымдастырушылар тапсырыс берген аударманың бірінші нұсқасын ризашылықпен қабылдайды.
- жеңімпаз атанған мәтін орыс тіліне (егер роман бастапқыда қазақ тілінде жазылса) немесе қазақ тіліне (егер роман бастапқыда орыс тілінде жазылса) аударылатын болады. Аудармаға ұйымдастырушылар ізгі ниетпен тапсырыс береді, жеңімпаз бұл іске араласпайды, оған аударманың бірінші нұсқасы бар файл жіберіледі.
7. Әдеби байқауға автор ретінде кімдер қатыса алмайды:
- әдеби сыйлықтың негізін салушы адам және оның отбасы мүшелері
- әдеби сыйлықтың меценаты және оның отбасы мүшелері
- «Freedom Holding»-ге тиесілі ұйымдар мен компаниялардың барлық қызметкерлері
- Қазақстан Республикасының Мәдениет пен Ақпарат министрліктерінің бірінші басшылары мен орынбасарлары (қатысатын уақытта қызметте болса)
- әдеби сыйлықтың ақпараттық демеушілері мен серіктестерінің бірінші басшылары мен орынбасарлары (қатысатын уақытта қызметте болса)
- Mecenat.kz жобасының менеджерлері. Жұмыстан шыққаннан кейін 3 жыл өткен соң ғана әдеби байқауға автор ретінде қатыса алады.