Әр дәуірде, әр ел мен қалада ең бай адам, яғни кәсіпкер болған, болады да. Олардың барлығы да айтарлықтай байып, қартайып, есімдері адамзаттың есінде сақталмай, өмірден өтті.
Тек бір адам бәрінің есінде, оның есімі тұрақты аталады – Гай Меценат (Gāius Cilnius Maecēnās), ең бай римдік, император Августың досы. Оның бейнесі 2005 жылы көрсетілген «Рим» сериалында толық ашылған.
Досы император Августқа қолдау көрсеткісі келіп және Римнің ұлылығын жаңғырта отырып, бұрыннан қайырымды Меценат ең ірі туындыгерлер Вергилий, Гораций, Лукреций, Овидийді іріктеп қаржыландыруға көшті. Меценаттың ерекшелігі – марапатының тұрақты болуында еді. Рим бірнеше азаматтық соғыстардан кейін қирады, отбасылар репрессияға ұшырап, берекесі кетті, Республиканың бұрынғы ұлылығы ұмыт қалды. Сөзсіз, Вергилий өзінің «Энеидасында» белгілі бір идеологиялық тапсырысты орындады. Бай Меценаттың Палантин ақсүйектер төбешігінде емес, Вергилий сияқты Эсквилинде тұрғаны айтарлықтай ерекше. Олар көрші болып, Вергилий күн сайын дерлік Меценатқа алпауыт еңбегінің жаңа жолдарын көрсетіп отырған шығар, яғни Меценат оның алғашқы оқырманы болды. Бұл біздің жорамалымыз.
Одан бері бір жарым мыңдаған жыл зу етіп өте шықты. Мазарини кардиналдың жиен қарындасы, Мария Манчини, ХIV Людовиктің алғашқы және өмірлік махаббаты, оған Меценат пен Августтың тәжірибесі ой салды. Франция да 10 азаматтық соғыстан кейін және шетелдік басқыншылықтан соң, қирандының астында қалды. Енді міне, бірнеше жылдардан кейін патшалық қазына данышпан Кольбердің арқасында біртіндеп тола бастаған соң, күн-патша заманауи француз әдебиетінің ең үздік дарындары Мольер, Корнель, Расинге ауық-ауық өмірлік патшалық зейнетақы (яғни рента) тағайындай бастады. Басқасымен бірге Людовиктің бұл қадамы саясат пен экономикада Францияға ерекше мәртебе берді.
Осылайша, адамзаттың тарихында дәл осы форматта туындыгерлерге қаржылай марапат бөлген 2 елеулі оқиға болды.
Біздің жоба қазақстандық кәсіпкер, меценаттың арқасында іске қосылды, оның қарапайымдылығы сондай, жобаның тұсаукесерінен кейін бірнеше аптадан соң ғана ол журналистермен кездесу өткізді, оған дейін тілшілердің назарын әдебиет алдындағы парыздан айырмау еді.
Меценаттың есімі алғашқы 2 айда қатаң құпия сақталып, қазір ғана көпшілікке жария етілді. Ол Freedom Holding Corp. инвестициялық тобының негізін қалаушы және мажоритарлық (көпшілікке негізделген) акционері Тимур Турлов болатын.
Ол Facebook және Instagram аккаунттарында 2022 жылдың 14 ақпанында былай деп жазған:
“Мен бала кезімнен көп оқығанды жақсы көремін. Бұл мен үшін рухани ләззат алудың ең оңай және тиімді тәсілі болды. Мен әлі күнге дейін теледидар мен YouTube-ті көруге уақытты қимаймын. Оның мазмұны қанша жерден пайдалы болса да, мен күніне екі сағатқа жуық уақытты кітап оқуға арнаймын. Бәлкім қызық емес шығар, бірақ пайдасы зор”
Ерлан Аскарбеков оның Қазақстан туралы үздік заманауи роман үшін сыйлық жасау арманы бар екенін айтқанда, мен бірден қолдадым. Біз өмірді сақтандыру компаниямызбен өнімді жасауға және байқау жеңімпазына ай сайын 500 АҚШ доллары көлемінде төленетін ерікті өмір бойғы зейнетақы аннуитетін сыйға тартуға шешім қабылдадық.
Неліктен бұл маңызды?
Себебі, біздің бизнес үлгісінде мен Қазақстанда әлемдегі ең үздік өнімдер мен қызметтерді жасауға қабілетті талантты адамдар өте көп екенін жақсы білемін.
Бұл ұлттық идея мен мәдени кодты қалыптастыруға көмектесетін жазушылар. Бізді бөлмейтін, керісінше біріктіретін маңызды дүниелерді халыққа жеткізе білген жақсы. Яғни, біз біргеміз!
Бұл өз тілін дамытып, оны жаңа биіктерге шығаратын жазушылар.
Қазір бізде талантты жастар көп бола тұра мықты шығармалар жетіспейді. Орыс және мемлекеттік тілде де осы жағдай.
Біздің көрнекті жазушыларымыздың әлі де бар екеніне сенім зор.
Күшті және тәуелсіз мемлекет құру үшін қоғамның талабын тауып, жеткізе білетіндер қажет, онсыз ешқандай мақсатқа жету мүмкін емес.
Байқау шарттарымен танысып шығыңыз да бақ сынаңыз! mecenat.kz сілтемесімен бөлісе жүріңіз. Біздің ақылға толы басымызды мәтін жазу ғана тазартып, реттей алады. Ол үшін кәсіби жазушы болу міндетті емес”.