Қазіргі Қазақстан туралы үздік роман үшін жыл сайын берілетін MECENAT.KZ әдеби сыйлығы

БІЗ БАСТАЙМЫЗ! ДАУЫС БЕРУ АШЫҚ!
Mecenat.kz жобасының бесінші маусымының финалистері: 


Енді жеңімпаздың тағдырын оқырман шешеді 
Биыл ережелер қатаңдай түсті:
— пікір көлемі 1600–1800 таңба
— өз бетіңізбен жазылуы тиіс (ЖИ қолдануға болмайды)
— міндетті түрде Instagram немесе Facebook-тегі нақты аккаунтқа сілтеме қалдырасыз.
Назар аударыңыз: алдымен пікірді өз әлеуметтік желідегі парақшаңызда (сториз емес, пост түрінде) жариялап, содан кейін бізге сілтемесін жібересіз.


Mecenat.kz неліктен ЖИ-ден (жасанды интеллекттен) қорықпайды.

Бұрын да талпыныстар болды. Болашаққа біз дайынбыз – арнайы шаралар енгіземіз. Ал ЖИ арқылы толығымен жазуға тырысудың қажеті жоқ.
Бестселлер – ерекше құбылыс: ЖИ жазушылардан не ала алмайды немесе ЖИ неге шын мәнінде сапалы мәтін жаза алмайды? 10 себеп.
Бұл – технологиялық та, түпкілікті де айырмашылық. Ең оңай түсіну үшін, код жазумен салыстырайық.

  1. Кодта бәрі нақты: әдістемені білсең – нәтиже аласың. Ережені орындадың, тесттен өттің – нәтижесі алдын ала белгілі.
  2. Әдебиетте олай емес. Ең үздік әдістемелердің өзі кепілдік бермейді. Олар тек тіл мен құрал ұсынады, бірақ шығармашылықтың сәтті шығуына уәде етпейді. Әдеби табыс – әрқашан күтпеген жағдай.
  3. Бестселлерлер ережені бұзбайды. Керісінше, таныс үлгілер мен жанрларға, архетиптерге сүйенеді. Тым жаңа, радикалды дүниені көпшілік қабылдай бермейді. «Жаңа» көрінетіннің өзі – ескі формалардың жаңа қоспасы. Ал үлгіні ойсыз көшіру – клишеге әкеледі: форма қалады, жан бітпейді.
  4. ЖИ бұл жерде тым адал. Ол өткен табыстарды үйренеді, ықтималдықты тұрақтандырады және «орташа, ұқыпты» мәтін береді: құрылым бар, логика бар, стиль тегіс. Қысқаша мазмұн, қорытынды, редакция үшін – тамаша. Ал жаңалық ашу үшін – дерлік бос оқ. Себебі деректер өткен жетістіктерді сипаттайды, ал олардың қалай пайда болғанын түсіндірмейді.
  5. Ең ауыр тұсы – сәтсіздіктің ашық көрінуі. Қазіргі аналитика табысты тамаша түсіндіреді: драматургиялық доғалар, кейіпкерлік аркалар, мәдени контекст, назар уақыты, желілік әсерлер... Бәрі сөрелерге қойылғандай түсінікті. Бірақ соны қайталау мүмкін емес. Тіпті данышпан болып, барын ескерсең де – нәтиже белгісіз.
  6. Осыдан код пен прозаның арасы ЖИ үшін алшақтайды. Кодта әдіс – себеп-салдарлы: ережені сақтасаң, жүйе жұмыс істейді. Көркем мәтінде әдіс – сипаттаушы: өткенді түсіндіреді, бірақ болашақты жасамайды. ЖИ формаға еліктейді, бірақ нағыз хит туған аймаққа жете алмайды.
  7. Мәселе бұдан да терең. ЖИ-ды әдебиеттің өз ішіндегі оқулықтар мен нұсқаулықтарға сүйеніп үйретеді. Ал бұл салада «қайталау мүмкіндігі» баяғыда-ақ үмітсіз жағдайға айналған. Бұл кітаптар қанша жерден жақсы болса да, тек өткенді баяндайды, бірақ болашақ табысқа кепіл бермейді.
  8. Табыс қаншалықты жақсы сипатталса, оны қайталауға болатындай иллюзия күшейеді. Драматургиядан бастап тарату арналарына дейін бәрі түсіндірілгендей көрінеді. Бірақ тіпті бәрін мінсіз орындасаң да, нәтиже – кездейсоқ аномалия.
  9. ЖИ да осы иллюзияны үлгі етеді. Ол форманы қайталайды, факторларды тізеді, бірақ нәтиже кепілдігін бере алмайды. Себебі түпнұсқада да мұндай кепіл ешқашан болмаған.
  10. Техниктер үшін бұл – шок. Қорытынды қарапайым: ЖИ – күшті шеберлік құралы. Ол құрылым жасайды, реттілік орнатады, байланысты тексереді, нұсқалар ұсынады. Бірақ одан бестселлер күтудің мәні жоқ – метрономнан әуен күтумен бірдей.

P.S. Бұл мәтін – ЖИ-мен сұхбат, талқылау және менің түсініктемелерім негізінде қолмен жасалған компиляция.
Автор – мен: идеяны, аргументтерді, фактілерді мен бердім. ЖИ тек құрастырып, редакциялады. Нұсқаларды мен таңдадым, түзетуді мен жасадым, соңғы нұсқасын да мен жинақтадым.
ЖИ сізге сөз орамын табуға көмектеседі, бірақ мағына әрқашан өзіңізден шығады. Егер ойыңыз болмаса – ЖИ оны сізге сыйламайды. 


Mecenat.kz сыйлығының  4 маусымының қорытындысы: Қазақстан туралы ең үздік роман байқауының жеңімпазы өмір бойы ай сайын төленетін 500 АҚШ долларын ұтып алды

2025 жылғы 30 мамыр,  Астана, Ұлттық Академиялық кітапхана

Бүгін «Freedom Шапағат» корпоративтік фондының Freedom Holding Corp. компаниялар тобының еншілес ұйымдарының эксклюзивті демеуіндегі Mecenat.kz әдеби байқауының жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті.

Биылғы іс-шара Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызының қатысуымен ұйымдастырылды.

4 маусымға қатысу үшін 21 қолжазба қабылданды, олардың 9-ы қазақ тілінде және 12-сі орыс тілінде жазылған. 5 мәтіннің авторы – бұл әйел заты. 

Жеңімпазды таңдау mecenat.kz сайтында қорғалған халықтық дауыс беру жолымен жүзеге асырылды.

Дауыс беру нәтижесінде финалға 6 автор шықты: «Махаббат жыры (Ғашықтар)» романымен Дидар Амантай, Әлихан Жақсылық — «Тургенев көшесіндегі үй жұмысқа қабылдайды», Есенғали Садырбаев — «Повелитель хищник птиц», Жағыпар Егізбаев — «Күздің 14 сәті», Нұрайна Сәтпаева — «Мухит идет за светом», Сейітжан Спанов — «Свадьба младшего брата».

Оқырмандардың көптеген дауысына ие болған екі роман. Міндетті тексеру қоңырау шалудан кейін «Тургенев көшесіндегі үй жұмысқа қабылдайды» романының 612 даусының 337 оқырманы қарапайым сұрақтарға дауыс бере алды (аты-жөні, дауыс берген жері, дауыс берген романның аталуы). «Мухит идет за светом»  романының 553 даусының 288 оқырманы өз ақпаратын телефон арқылы растады. Сонымен 4-маусым жеңімпазы болып «Тургенев көшесіндегі үй жұмысқа қабылдайды»романы атанды. Оның авторы ақтөбелік Әлихан Нұрбергенұлы Жақсылық.

Алғаш рет жеңімпазға жоба мүсіні табысталды. Оның авторы Олжас Мұхамеди – қазақстандық заманауи мүсінші, Қазақстанның суретшілер Одағының мүшесі, халықаралық көрмелердің қатысушысы. 25 жылдан артық өнер жолында, 100-ден астам мүсіндік жұмысы бар, оның ішіне мемлекеттік сыйлықтар мен марапаттаулар кіреді. Көптеген шығармалары дүние жүзіндегі жеке коллекцияларда сақталуда.

Жазушыға өмір бойы ай сайынғы 500 долларды (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем күніндегі бағамы бойынша теңгемен) құрайтын «Freedom Finance Life» ерікті жедел аннуитеттік сақтандыру полисі табысталды.  
«Mecenat.kz» жобасының мақсаттары — қазақстандық көркем әдебиетті дамыту, халықтың оқуға деген ынтасын көбейту, жазушылардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету, олардың шығармаларын әлемдік  кітап нарығына шығару.

Жобаның меценаты - белгілі қазақстандық кәсіпкер және филантроп  Freedom Holding Corp. компаниясының орындаушы директоры Тимур Турлов.

Өткен жылдарғы сыйлық иегерлері атанғандар:

Жобаның серіктестері:

###
Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысу үшін:
pr@mecenat.kz
+7 775 854 0068‬‬


Достар! 
5 маусымға қолжазба жинау кезеңі басталды. Жаңа дедлайн - 2026 жылдың 20 ақпаны. Хабарласыңыздар!
Марапаттау рәсімі Дүниежүзілік Кітап Күніне жоспарланады.


Бүгін Астана уақытымен талтүсте халықтық дауыс беру кезеңі аяқталады. 

Енді халықтық дауыс беру кезеңінде 1 және 2 орын алған романдарды тексеруден өткізу кезеңі басталады.


4-маусының халықтық дауыс беру кезеңі басталды.

Ол 2025 жылғы 27 наурызында басталып, 1 айға созылады.
Барлығы 21 роман қабылданды.
Оның ішінде, 3-еуі көлемі бойынша техникалық талаптарды бұзды. 
Содан соң, 6 ридер өз жұмысына кірісті – 3-еуі қазақша, 3-еуі орыс тілінде. 
Іріктеу жүйесі туралы толығырақ ақпарат  (на казахском)
Ең жоғары бағаға ие болған романдар суперридерлердің тексеруіне түсті. 
Осы жылы олар: 2018-2023 жылдарының Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және Freedom Media компаниясының креативтік продюссері Раушан Садырбаева.
Сонымен, 4-маусым финалисті болған келесі романдар (Mecenat.kz сайтына жүктеу тәртібі бойынша), 3-қазақ тілінде, 3-орыс тілінде:

Дауыс беру беті.

 


Біз жобамыздың 4 маусыма қолжазбаларды қабылдауды бастадық. 2025 жылдың 15 Наурызына дейін қабылдаймыз.
3 маусымның жеңімпазын марапаттау рәсімі жаздың соңына - күзде болады.


Алғашқы 3 маусымға жасаған есебімізді қарап шықсаңыздар екен (2021-2024)


Mecenat.kz – Қазақстан туралы ең үздік роман байқауының 3 маусымының жеңімпазы өмір бойы ай сайын төленетін 500 доллар ұтып алды.Mecenat.kz-тің 4 маусымы ашық деп жарияланды.

Алматы, Қазақстан
2024 жыл, 2 қыркүйек

 2024 жылдың қыркүйек айының 2 жұлдызында Алматыда «Өмір батерегі» романын жазған Досжан Сәуле Мағазбекқызына «Freedom Support USA»бағдарламасы бойынша ерікті жедел аннуитеттік сақтандыру шарты жасалды. Бұл роман www.mecenat.kz әдеби байқауының қорғалған сайтында оқырмандардың дауыс беруі нәтижесінде жеңіске жетті. Әдеби байқаудың сыйақы мөлшері – өмір бойы ай сайын 500 долларды (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем күніндегі бағамы бойынша теңгемен) құрайды. Келісімшарт қазақстандық «Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-мен жасалды (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 2.2.51 лицензиясы).

2024 жылы, қыркүйек айының 2 жұлдызында Алматыда байқау жеңімпазы М.Әуезов мұражай үйінде өткен марапаттау рәсіміне қатысты. Спикерлер:

Жобаның меценаты, танымал қазақстандық қаржыгер Тимур Турлов өзінің бейне үндеуінде жеңімпаз деп жазушы Сәуле Досжанды жариялап, құттықтады.
Ерлан Асқарбеков екінші орын алған «Көктегі көлеңке» романының авторы Темірлан Қылышбекке өз атынан 500 000 теңге көлеміндегі эксперименттік, бір реттік сыйлықты табыс етті.
Ерлан Асқарбеков Mecenat.kz әдеби сыйлығының 4 маусымын ашық деп жариялап, 15.03.2025 дейін романдардың қолжазбасын қабылдау басталғанын хабарлады.
2022 жылы «Күлпет» романымен жазушы Шархан Қазығұл жеңімпаз атанды. 2023 жылы «Өлгендер қайтып келеді» романының авторы Тұрысбек Сәукетаев жеңіске жетті.
Оқырмандардың ең көп даусына екі роман ие болды. Телефонмен хабарласып, оқырмандардың дауысын тексергеннен кейін «Өмір бәйтерегі» романына берілген 568 дауыстан 289-ы қарапайым сұрақтарға (аты-жөні, өңірі, қай романға дауыс бергені) жауап беру арқылы берген дауыстарын растады. «Көктегі көлеңке» романына 170 оқырманның 75-і берген дауыстарын растады. Сонымен, 3 маусымның жеңімпазы «Өмір бәйтегі» романы.

Ридерлер мен супер ридерлер тобының екі апталық жұмысынан кейін 3 қазақ және 3 орыс тілінде 6 роман таңдалды:
1) «Көктегі көлке», Қылышбеков Темірлан Бақытбекұлы
2) «Құндыз», Райымқұлова Гүлсара Дәулетқызы
3) «Өмір бәйтерегі», Досжан Сәуле Мағазбекқызы
4) «Алмазные двери», Воронцов Эльдар Олегович
5) «Аманта Сари, или война Алой и Белой розы», Тоқсанов Нұрлан Нұрпейісұлы
6) «Возвращение», Омар Әсел Талғатқызы

Байқауға барлығы 40 қолжазба тіркелген, оның 17-сі қазақ тілінде, 23-і орыс тілінде. Бір қолжазба алыс шетелден келді. Авторлардың арасында 10-ға жуық кәсіби жазушы, 7 әйел, 2 университет студенті бар.
Әдеби сыйлықтың принциптері:

Жоба серіктестері:


###
Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысу үшін:
pr@mecenat.kz
+7 775 854 0068


Халықтың дауыс беруі тура 30 күнге созылды. Шамамен 1 апта ішінде біздің әдісті пайдалана отырып, 1-ші және 2-ші орындарға ие болған романдарға дауыс бергендердің барлығына хабарласып, тексереміз.


MECENAT.KZ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ 3-МАУСЫМЫНА ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

2024 жылдың 26 ​​мамырында қазіргі Қазақстан туралы ең үздік романға оқырмандардың дауыс беруі басталды. Дауыс беру 30 күнге созылады. Қазақстандық ұялы байланыс операторларының SMS-хабарламасы арқылы Қазақстан азаматтары ғана дауыс бере алады. Жалғыз жеңімпаз ай сайын $500 (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен) көлемінде өмір бойына сыйақы алады. Жобаға қазақстандық қаржыгер Тимур Турлов, сондай-ақ Freedom Finance Global PLC және Freedom Shapagat корпоративтік қоры қолдау көрсетті. Байқаудың мақсаты – қазақ әдебиетін дамыту және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, еліміздің қаламгерлерін кәсібилендіру және әлемдік ірі кітап нарығына шығу.

Дауыс беру парақшасының мекенжайы - https://www.mecenatkz.com/vote.php
Ридерлер мен супер ридерлер тобының екі апталық жұмысынан кейін 3 қазақ және 3 орыс тілінде 6 роман таңдалды.

Олар:
1) «Көктегі көлеңке», Қылышбеков Темірлан Бақытбекұлы
2) «Құндыз», Райымқұлова Гүлсара Дәулетқызы
3) «Өмір бәтерегі», Досжан Сәуле Мағазбекқызы
4) «Алмас есіктер», Воронцов Эльдар Олегович
5) «Аманта Сари, немесе алқызыл және ақ раушандар соғысы», Тоқсанов Нұрлан Нұрпейісұлы
6) «Оралу», Омар Әсел Талғатқызы

Барлығы 40 қолжазба жіберілді, оның 17-сі қазақ тілінде, 23-і орыс тілінде. Бір қолжазба алыс шетелден келді. Авторлардың арасында 10-ға жуық кәсіби жазушы, 7 әйел, 2 университет студенті бар.

Марапаттаудың принциптері:

Біз сондай-ақ серіктестерімізге үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді:

Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысу үшін:
pr@mecenat.kz
+7 775 854 0068


Авторлардың өтініші бойыша, қолжазбалар қабылдау уақытын 2024 жылдың 10-Мамыр күні, түскі сағат 12:00-ге дейін ұзартамыз


Құрметті жазушылар қауымы!

Біз әдеби байқауымыздың III мауысымын ашық деп жариялаймыз! Бұдан кейін байқауға қатысатын романның көлемі - бос орындармен есептегенде 150 000 белгіден бастап, 300 000 белгіге дейін болуы шарт. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 14-Сәуір күні, сағат 15:00-де (Астана уақытымен) аяқталады.

Байқау ережесіне басқа да өзгерістер енгізілген. Байқауға қатысушы өтінімді дұрыс, талапқа сай қылып ұсынуы тиіс. Өтінімде қандайда бір қателік болса, қатысушы өзі жауап береді. Байқаудың ережелеріне сай келмейтін, ережені бұзған қолжазбалар байқаудың кез-келген кезеңінде шеттетіледі.

Идея авторы және жобаның ұйымдастырушысы
Ерлан Асқарбеков


“MECENAT.KZ” әдеби сыйлығының 2023 жылғы жеңімпазы анықталды

“Mecenat.kz” әдеби байқауының екінші маусымына қатысуға өткен жылдың қыркүйек айынан биылғы мамыр айына дейін 103 адам тіркеліп, 58 роман жүктелген болатын. Оның ішінде қазақ тілінде жазылған ҚХР елінен қатысқан бір роман бар.

Биыл байқағанымыздай, байқауға ұсынылған туындылардың сапасы біршама жақсарған, техникалық талаптарға қатысты тәртіп бұзушылық айтарлықтай азайған. Кәсіби филолог – ридерлер әр шығарманы толықтай оқып шығып, 5 балдық жүйемен баға берді. Бұл – алғашқы іріктеу. Екінші іріктеуге танымал жазушылар Әлішер Рахат пен Илья Одегов суперридер ретінде қатысып, қазақ тіліндегі 8 роман, орыс тіліндегі 5 романды оқып, сараптап шықты. Нәтижесінде үш қазақ тілінде, үш орыс тілінде роман іріктеліп алынды. Ридерлер мен суперридерлердің іріктеу жұмысына ешкім араласқан жоқ, ұйымдастырушылар толықтай анонимділік сақтап, қағазға шығарылған туындыларды оқуға дайындап берді. Сонымен мына шығармалар оқырманға дауыс беруге ұсынылды:

2023 жылдың мамыр айының 29-ы мен маусым айының 31-і күндері аралығында “Mecenat.kz” әдеби байқауының маңызды кезеңі, яғни оқырмандар ең үздік деген романға дауыс беретін кезеңі басталды. Дауыс беру https://www.mecenatkz.com/vote.php сайтында жүргізілді. Дауыс беруде қандай да бір құйтырқы әрекеттердің алдына алу үшін ұйымдастырушылар екінші кезеңде тек қазақстандық ұялы телефон нөмірі арқылы дауыс беріп, оқылған роман туралы өз пікірін қалдыру талабын қосты. Оқырман шығарма туралы бос орынды есепке алмағанда 300 бен 500 символ аралығында пікір қалдыруы керек. Бұл пікірлер модератордың тексеруінен өтіп, жалған дауыс жинау, адамның ар-намысына тиетін сөздер мен мағынасыз пікірлер алынып тасталды. Одан кейін шілде айында арнайы тексеру тобы әр тіркелген нөмірге хабарласып, тек шынайы дауыстар қана есепке алынды. Тексеру нәтижесінде Ғани Түрікменбайұлы Жақсыбаевтың “Тау асқандар” романы біздің байқау талаптарына сай емес екені анықталды. “Тау асқандар» романының көлемі 65 бетті құрайды, ал өздеріңіз білетіндей біздің талап бойынша роман 80 беттен жоғары болуы тиіс және оқиға Қазақстан жерінде болуы керек. “Mecenat.kz” әдеби байқауының ережесі https://mecenatkz.com/ordinance.php сайтында жарияланғанын еске саламыз. Өкінішке қарай, әдеби сыйлықтың негізін қалаушы Ерлан Аскарбековтың қателесіп кеткеніне байланысты, 12 кегльмен қағазға басылып шығуы тиіс роман 14 кегльмен басылып шыққан. Сол үшін де ридерлерге оқуға ұсынылған. Сондықтан да бұл романды «Ережені» сақтамағаны үшін байқаудан шығаруға тура келді. Дейтұрғанмен, «Тау асқандар» романының авторы – талантты жазушы және жаңа романымен бұл премияны жеңіп алу мүмкіндігі жоғары екенін айтқымыз келеді.

Қоңырау шалып, дауыс берушілерді тексеру нәтижесі мынадай:

1. «Тау асқандар», авторы Ғани Түрікменбайұлы Жақсыбаев

2. .«Өлгендер қайтып келеді», авторы Тұрысбек Сәукетаев

3. «Үзілме, Үміт», авторы Гүлсара Дәулетқызы Райымқұлова

Телефонмен хабарласып, тексеру жұмысы толықтай видеоға түсірілген және Қазақстанда тіркелген кез-келген жазушылар ұйымына тексеруге беруге мүмкіндік бар.

Алдағы уақытта мұндай өрескел қателіктерге жол бермеу үшін «Ережеге» мынадай өзгерістер енеді: романның көлемі бос орынды есептемегенде 150 000 мен 300 000 символды құрауы керек.

ІІІ маусым – 2023 жылдың 1-қыркүйегінен басталады. Қолжазбаларды қабылдауды 2024 жылдың сәуір айының 14-і күні кешкісін тоқтататын боламыз.

Ал, оқырмандардың дауыс беру нәтижесінде Тұрысбек Сәукетаевтың «Өлгендер қайтып келеді» романы жеңіске жетті. Енді ол “Mecenat.kz” әдеби байқауының ІІ маусымының жеңімпазы ретінде өмір бойы ай сайын 500 доллар сыйақы алып отырады. Мұндай форматтағы сыйақы әлемнің еш жерінде жоқ екенін естеріңізге саламыз. Жобаның меценаты – белгілі қазақстандық қаржыгер және филантроп Тимур Русланұлы Турлов.

Әдеби байқаудың басты ұстанымдарын тағы да айта кетейік:

Сонымен қатар, бізге қолдау көрсеткен серіктестерімізге алғыс білдіреміз:

“Mecenat.kz” жобасының мақсаты - қазақстандық көркем әдебиетті дамыту және кітап оқырмандарының ынтасын арттыру, жазушылардың кәсіби деңгейін көтеру және олардың шығармаларын әлемдік кітап нарығына шығару.

БАҚ өкілдері pr@mecenat.kz электронды мекен-жайға немесе +7 775 854 0068 телефон нөміріне хабарласуға болады.


Құрметті авторлар,

Өтінеміз, сыйлық туралы Ережені мұқият оқып шығыңыз. Тіркеуден өтіңіз. Осыған дейін еш жерде жарияланбаған жаңа шығармаңызды жіберіп, меценат тағайындаған керемет марапатқа бәсекеге түсіңіз. Бірақ алдымен әдеби сыйлықтың идеясының оқыңыз. Қатысушыларға арнайы жазылған Бақытжан Қанапьянов пен Павел Банниковтың, Виталий Пухановпен сұхбатмәтіндерін оқыңыздар. Бізді ең алғашқы болып қолдаған өте қадірлі ақын және прозашыБақыт Кенжеев, өте қадірлі ақын және прозашы, қолдады. Сонымен қатар, бірнеше жазушылармен бірге бізді ұлы жерлесімізМарат Бисенғалиев қолдады.


Жобаның уақыт реттілігі