1. Жазушы үшін де, жобаны әзірлеушілер үшін де Сыйлықты сатып алу немесе нәтижесіне басқалай ықпал ету, т.б. мүмкін емес. Көпшілік назарына ұсынылған шығармаларды тек оқырманның өзі таңдайды және дауыс береді.
Сыйлықтың қағидасы – шешім қабылдау процесінің мейлінше объективтілігі мен демократиялылығы. Сол үшін біз жақсы қорғалған веб-сайт жасадық.
Сыйлықты сатып алуға, яки оның нәтижесіне жазушы да, тіпті байқаудың негізін салушылар да, ұйымдастырушылар да, ешкім ықпал ете алмайды. Оқырман қауым дауыс беруге ұсынылған шығармаларды оқып, дауыс беру арқылы жеңімпазды анықтайды.
Қолжазбаларға SMS арқылы тіркеліп, қазақстандық оқырмандар ғана дауыс береді. Өздерінің шын есімдерімен тіркеледі де, барлық жұмыстармен онлайн таныса отырып, жобаның сайтындағы қатысушылардың жұмысына баға береді.
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері, ридерлер және олардың туыстары, біз жоғарыда айтып өткендей, байқауға қатыса алмайды.
Дауыс берген оқырмандардың толық аты-жөндері халықтық дауыс беру кезінде күн сайын жарияланып отырады. Сонымен қатар, біз жобаның 2 маусымынан бастап оқырман дауыс беру үшін оқылған роман туралы 300 бен 500 белгі аралығында (бос орындарды есептемегенде) пікір қалдыруын талап етеміз. Пікірлерді жіті қадағалаймыз. Мағынасыз, ар-намысқа тиетін, көшірме, әдепсіз сөзі бар пікірлер қабылданбайды. Ұйымдастырушылар жобаның 1 маусымында 3 мәрте болған «өтірік дауыс» жинау әрекетінің алдын алды.
2. XX-XXI ғғ. Қазақстан туралы аз жазылған ба? Бұл байқаудың жаңалығы неде?
Қазақстан туралы роман сюжеті 1900 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтуы тиіс. Егер роман тарихи бағытта болса, онда бұл жағдайда жазушының туындысына тарихи мұрағаттар арқау болады. Осы кезеңдегі бірнеше қазақстандық ұрпақтың ойына әсер еткен ірі әдеби шығармалар саусақпен санарлықтай. Бұл туралы толығырақ Сыйлықтың сайтынан білуге болады, ол үшін ҚР Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бахытжан Қанапьянов пен ақын, редактор Павел Банников әлеуетті авторлар үшін Қазақстанның қазақ және орыс тіліндегі әдебиеті туралы, қазақстандық авторлардың шығармашылығының тарихы мен дамуы туралы мәтіндер мен бейнежазбалар дайындады.
3. Жеңімпазға сыйақыны кім төлейді? Байқауға қатысу дегеніміз не?
Қазіргі Қазақстан туралы үздік роман үшін жыл сайын берілетін Mecenat.kz әдеби сыйлығы – бұл Қазақстан азаматтарының, еліміздің патриоттары мен кәсіби әдебиетшілерінің тәуелсіз жобасы. Байқаудың құрылтайшысы – Ерлан Асқарбековтың, сарапшылар – Павел Банников пен Бахытжан Қанапьяновтың қатысуымен MECENAT.KZ сайтында әдеби байқау ұйымдастырылды.Жыл сайын жеңімпазды анықтау осы сайтта жүргізіледі. Мұнда жүлде тек бірінші орынға ғана беріледі. MECENAT.KZ-тіңжеңімпазы атанған автор қазіргі Қазақстан туралы үздік романы үшін өмір бойы рента алуын қамтамасыз ететін Меценаттың өкілдерімен келісімшарт жасасады.
4. Өтінімдерді іріктеу қалай жүргізіледі?
Жарияланғанға дейін жұмыстар модерациядан өтеді (Байқау туралы ережені қараңыз). Өтінімдерді алдымен тексеретін ридерлер – бұлар кәсіби әдебиет сыншылары, филологтар, республикалық әдеби баспалардың бас редакторлары, немесе республикалық әдеби журналдардың жауапты хатшылары, Қазақстанның ірі университеттеріндегі әдебиет пәнінің оқытушылары мамандықтары бойынша жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары. Ридерлер Байқау туралы ережеге сәйкес қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің мазмұнында плагиаттың, мемуар стилистикасының, бейәдеп лексиканың көп болуын, зорлық-зомбылық пен деструктивті мінез-құлыққа үндеудің бар-жоғын және тағы басқа да детальдарды тексереді.
Одан кейін 2 суперридер (бірі қазақ тілінде, екіншісі орыс тілінде) іріктелген романдардың арасынан қысқа тізім жасап, халықтың дауыс беруіне 6 роман ұсынады (3 қазақ тілінде, 3 орыс тілінде).
5. Сайттан байланыс деректері табылмады. Сіздермен қалай хабарласуға болады?
Сайтта біздің тікелей деректеріміз жоқ, тек ұйымдастыру комитетімен және әзірлеушілермен кері байланыс опциясы берілген. Егер сіз сұраған ақпарат MECENAT.KZ сайтында болмаса, біз бәрін оқимыз және өтініштерге міндетті түрде жауап береміз.
6. Неліктен сіздерге тікелей хабарласу қиын?
Біз Оқырмандар мен Қатысушылардың жобаны ұйымдастырушылармен және Ридерлермен офлайн байланысын әдейі шектедік, өйткені өтініш берудің барлық шарттары жобаның сайтында және "Қазіргі Қазақстан туралы үздік роман үшін жыл сайын берілетін MECENAT.KZ әдеби сыйлығы" туралы ережемен танысам деушілерге қолжетімді және түсінікті түрде ұсынылды.
7. Өтінімнің қабылданғанын қалай білемін?
Өтініш берушінің ТАӘ sms-расталғаннан кейін, сіздің өтініміңізге нөмір беріледі, ол жоба сайтындағы жеке кабинетте хабарландыру арқылы көрсетіледі.
8.Мен сіздің түсіндірмеңізден ештеңе түсінбедім, ұйымдастырушылармен және қазылар алқасының мүшелерімен жеке кездескім келеді, өз ұстанымымды ридерлер мен қазыларға түсіндіргім келеді.
Қазақстан туралы үздік роман үшін берілетін жыл сайынғы сыйлықта қазылар алқасы жоқ. Біз Оқырмандардың өз тарапынан шығармалардың қайсысы сыйлыққа лайық екенін ашық, объективті және жауапкершілікпен шешетініне, сондай-ақ Қатысушылардың жоба сайтындағы толық нұсқаулықтарды сараптау қабілетіне сенеміз.
Ридерлер мен суперридерлер тексеруден өткен барлық өтінімдерді сайтқа орналастырғанға дейін байқау туралы ереже негізінде дауыс беру алдында тек мазмұнын модерациялайды. Непотизм, сыбайлас жемқорлық және Қатысушыларды да, дауыс беруші Оқырмандарды да, алдаудың кез-келген жағдайларына жол бермеу Қағидасы сақталады. Ұйымдастырушылар аудиториямен қарым-қатынасты тек өтінімді жүктеу және жоба сайтында ашық дауыс беру мүмкіндігімен шектеледі, өйткені біз ешкімге артықшылық бере алмаймыз, бағаламаймыз және араласпаймыз.
9. Неліктен жүлде біреу ғана? Кемінде 10 сыйлық берсеңізші!
Сыйлық
бір адамға берілетін көмек ретінде
қарастырылмайды, оны жыл сайын ұсынылатын
туындылардың ішінде ең жақсысы жеңіп
алады. Бұдан әрі қарай мұндай өтеусіз
меценаттық қолдау жалпы мәдениетке
пайда әкеледі. Оқырмандарға ең көп
ұнаған қазақстандық қатысушы жеңіске
жетуі тиіс. Жазыңыздар! Шығармашылықтың
шыңына жетуге әркімнің мүмкіндігі мен
қақысы бар.
Біздің идеямызды Қазақстанда
мәдениетті ғана емес, басқа да салаларды
дамытуға ниетті адамдар құптайды деген
үміттеміз. Осындай жобалар көп болсын!
10. Ерекше ештеңесі жоқ, мұндай байқаулар күн сайын өтіп жатыр!
Сыйлықтың бірегей форматы меценат пен өнер саласындағы қайраткерлердің риясыз ынтымақтастығының санаулы тарихи үлгілеріне негізделген. Гораций, Вергилий мен Овидийге қолдау көрсеткен, есімі жалқыдан жалпы есімге айналған Гай Меценатты және XIV Людовик кезіндегі "Корольдік зейнетақыны" білмейтін адам кемде-кем. Белгілі бір білім мен мәдениет саласындағы барлық басқа стипендиялар мен марапаттар көбінесе әртүрлі байқаулар мен сыйлықтардың лауреаттарына өмір бойы немесе жыл сайын емес, бір рет беріледі. Өзінің "Еңлік-Кебек" атты алғашқы керемет туындысын 19 жасында жазған Мұхтар Әуезовтен үлгі алып, шабыттанған жас автор Сыйлық алғаннан кейін тағы 60 жыл өмір сүретін болса, оның жалпы 360 мың доллар алатынын елестетіп көріңізші.Бұл біздің Меценат ұсынатын Сыйлықты көлемі жөнінен әлемдегі бесінші көлемді сыйлық деңгейіне көтереді.
11. Қазақстан азаматтарынан басқалары неге қатыса алмайды?
Қазақ тілінде жазатын кез-келген мемлекеттің азаматы қатыса алады. Орыс тілінде – тек Қазақстан азаматы қатыса алады.
Өзіміздің ірі әдеби шығармалар шетелдік оқырман үшін тартымды болатынына, үздік шетелдік баспаларда және "салмақты" журналдарда жарияланатын әлеуеті бар екеніне сенеміз.Сыйлықтың мақсаты — қазіргі Қазақстан әдебиетіндегі қоғамдық идеалдарды анықтау, жергілікті авторлардың әдеби шығармашылығын ынталандыру, мәдени дамудың жаңа векторларын, мәдениетаралық өзара ықпалдастықтың жаңа бағыттарын іздестіру жолымен қазақстандық әдебиетті дамыту және әлемдік әдеби кеңістікке шығару. Қазақстанда тұратын түрлі ұлт мәдениеттерінің өзара ықпалдастығының шығармашылық әлеуетін ашып көрсетудің маңызы зор. Сондай-ақ роман қазіргі әдебиет болмысының әлеуметтік маңыздырақ нысаны болғандықтан, ірі прозалық шығарма нысанына артықшылық беріледі. Ұйымдастырушылар әдебиеттің жаңа түрлерін іздеу және дәстүрлі түрлерін байыту, терең философияны шығарманың танымалдылығымен және тартымдылығымен ұштастыру Қазақстан оқырмандарының көпшілігі үшін өте маңызды екенін атап өтеді.
12. Ал соавторлар не істейді?
Сыйлыққа тек бір автор ғана өтінім бере алады. Сыйлық жыл сайын мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі бір ғана туындыға тағайындалады.
13. Мен өзімнің осыдан 10-15 жыл бұрын жариялаған романымды осы байқауға қосқым келеді.
Ғұмырлық рентаға бұрын жарияланбаған, ISBN-і жоқ шығармалар ғана үміткер бола алады. Бірақ көңілдеріңіз түспесін, байқау жарияланған күннен бастап оқырмандардың дауыс беруі басталғанға дейін сіздің жаңа роман жазуға, шимай нұсқаны ұсынуға уақытыңыз бар немесе келесі жылы жаңа романмен өз бағыңызды сынап көре аласыз. Іске сәт!
14. Мен көпшіліктің көзінше Сыйлықты алудан бас тартып, мәрттігімді көрсеткім келеді.
Қазақстандықтардың ең көп дауысына ие болған шығарма жеңімпаз болып анықталады. Кез келген адам сайтта тіркелу кезінде жүлдені ризашылықпен және бұлтарыссыз қабылдайтыны туралы оферта шартымен келіседі, байқаудың салтанатты жабылуына, авторлық құқық бойынша шеберлік сыныбына қатысады және туындының орыс тіліне (егер әуел бастан қазақ тілінде жазылса) немесе қазақ тіліне (егер әуел бастан орыс тілінде жазылса) аударылған бірінші нұсқаларын қабылдайды. Байқауға қатысу үшін өтінімді басқалай беру мүмкін емес.
15. Сіздің артыңызда кім тұр? Жеңімпаз кімнің ақшасын алады?
Жобаның алғашқы 2 маусымын танымал қазақстандық финансист, филантроп Тимур Турлов қолдады. Жобаның үшінші маусымынан бастап Тимур Турлов басқаратын «Freedom Шапағат» корпоративті қоры мен и Freedom Finance Global PLC компаниясы қолдайды.
Жобаны
ұйымдастырушылар да, Меценаттың өзі де
Қазақстандық мәдениетті дамыту идеясын
қолдаған адамның имиджіне паблисити
жасауды міндет етпейді. Меценат
өкілдерінің Сыйлық алушының атына
рәсімдеген рентасы және Сыйлықты
ұйымдастырушылар комитеті мүшелерінің
жеке кепілгерлігі Жеңімпаздың өмір
бойы зейнетақы алуына кепіл болады.
Сыйлықтың
құрылтайшысы Ерлан Асқарбеков жоба
идеясымен 2003 жылдан бері айналысып
келеді. ҚР Жазушылар Одағы басқармасының
жауапты хатшысы – ҚР еңбек сіңірген
қайраткері Бақытжан Қанапьянов.
Ақын және редактор Павел Банников.
16. Егер Меценат жобаны қаржыландырудан бас тартса, не болады?
Жоба Сыйлық берушінің жеке басына тікелей байланысты емес, ең жақсы жұмысты таңдауға оның ықпалы болмайды. Дегенмен Сыйлық жыл сайын жоба сайтында өтінім берген лауреаттарға берілетін болады, сондай-ақ жеңімпаздарға Меценат өкілдері Жеңімпазға ұсынатын сақтандыру кепілдігі негізінде рента түрінде өмір бойы ай сайын төленетін болады.
17. Егер сыйлық алған адам 100 жылдан артық өмір сүрсе ше?
Бұл адамның деніне саулық тілей отырып, Сыйлық ұзақ жасайтын жазушының өмірі мен шығармашылығының сапасын жақсартуға ықпал етеді деп үміттенеміз.
18. Әдебиеттен еш хабары жоқ оқырмандардың шығармаларды бағалауға қандай құқықтары бар?
Сыйлық
терең философияны жалпы оқырман үшін
тартымды және танымал мазмұнмен
ұштастырады. 1900
жылдан бастап бүгінгі күнге дейін
аралықтағы
мәдениеттердің өзара ықпалдасуы біздің
тату және көпұлтты халқымыздың қазіргі
уақытта "қазақ феномені" деп
аталатын — әлемдік мәдениеттегі өрлеу
биігін көрсетуге жол ашты. Жаңа роман
да осындай үміт беруі тиіс. Сондықтан
тікелей дауыс беретін қазақстандық
оқырманнан басқа кім қазіргі заман
шығармашылығының қоғамдық дүниетанымға
әсер ету дәрежесін дұрыс бағалай алады?
Кітап дүкендеріндегі өтімді тираждар
әдебиеттегі танымалдылыққа нарықтық
қатынастардың үстемдік ететінін
көрсетеді, ал Сыйлық болса — бұл
шығармаларға өз дауысын сыйлаған
оқырмандардың бағалары.
Сайтта тіркелу тәсілін анықтау кезеңінде
әр адамның дауыс беру мәртебесін таңдауға
құқығы бар. Сыйлыққа өтінім беруді
ұйғарған жазушылар өздеріне және
бір-біріне дауыс бере алмайды, ал
"Оқырман" мәртебесін таңдаған
тәуелсіз әдебиет білгірлері өздеріне
ұнайтын шығармаларға қарапайым Оқырманмен
бірдей негізде дауыс береді. Біз кәсіпқой
бағалардың қоғамдық бағалардан кем
болмайтынына үміттенеміз.
Барлығы
өз қолдарыңызда, әріптестер, таңдау өз
еркіңізде!
19. Мен қатысқым келмейді, бірақ мен танымал жазушымын және өзімді сыйлыққа лайықтымын деп санаймын.
Ең бастысы — қатысу! Ал мықтылар бәрінен озып шығары анық. Сыйлықты алу шарттарымен жоба сайтында танысуға болады, сіздің өтініміңіз есепке алынуы үшін барлық талаптарға сай болуыңыз қажет.
20. Мен жұртшылық жақсы танитын жазушымын. Маған қатысудың не керегі бар?
Сыйлық
— бұл жазушының шығармашылық тәуелсіздігін
қамтамасыз ететін ғұмырлық рента. Қатысу
негіздері ретінде қазақ және орыс
тілінің биік стандарттары, композиция,
стилистика мейлінше әдеби кәсіпқойлықпен
зерделеніп, көркем бөліктері шынайылықпен
пысықталуы тиіс. Шығармалар оқырмандарға
үміт, тығырықтан
шығатын сәуле сыйлап, жазушыға
шығармашылықтың жаңа түрлерін іздеп,
дәстүрлі түрлерін байытуға мүмкіндік
беретін болады.
1900 жылдан бастап
қазіргі заманға дейінгі кезеңді негізге
ала отырып, Қазақстанда тұратын түрлі
ұлт мәдениеттерінің өзара ықпалдастығының
шығармашылық әлеуетін ашып көрсетеді.
Жазушының есімі мен оның шығармашылығы
шетелдік оқырман үшін тартымды болары
сөзсіз. Жоба авторлық роялтиді сақтай
отырып, оның тұлғасы мен шығармашылығына
жұртшылықтың назарын аудара отырып,
танымал авторға да, жас қаламгерлерге
де шығармаларын үздік шетелдік баспалар
мен журналдарда тарату, одан әрі экрандау
үшін мүмкіндіктер ұсынады.
21. Лауреаттар қайтыс болғаннан кейін өмір бойғы рентасымен не болмақ?
Жеңімпаз қайтыс болғаннан кейін лауреаттарға өмір бойы рента төлеу автоматты түрде тоқтатылады және мұрагерлікке берілмейді.
22. Неліктен біреу Сыйлықты тым ерте жаста, ал біреу қартайғанда алады?
Әдеби танымалдық әр адамға әртүрлі жаста, әртүрлі жағдайларда келеді. Артюр Рембо 18 жасында жазуды тоқтатып, 1880 жылға дейін әлемді шарлап шығып, саяхатпен айналысқан болса, ал Нобель сыйлығының лауреаты Морис Метерлинк әдебиет әлеміне елуден кейін ғана келген. Бірақ олардың әрқайсысы жазу еркіндігін бәрінен жоғары қойды.
23. Байқауға қатысуға рұқсат беру үшін жұмыстар цензурадан өткізіледі ме?
Шешім қабылдау процесінің барынша объективтілігі мен демократиялық сипаты — Байқау туралы ережеге сәйкес қазақ және орыс тілдеріндегі өтінімдердің мазмұнында плагиаттың, балағат, бейәдеп сөздердің мол болуын, қолданыстағы заңнаманың бұзылуын тексеретін тәуелсіз ридерлер мен суперридерлер жұмысының негізгі қағидасы.
24. Ал егер Сыйлық алған адам бұдан кейін оқуға тұрарлықтай ештеңе жазбаса ше?
Бәрі де болуы мүмкін, бірақ біз бұл Сыйлық топ жарған адамға шығармашылық еркіндігін ұсынып, ешбір кедергілерге қарамастан өзін танытатынына үміттенеміз.
25. Сіздің жобаңыз әдеттегі қайырымдылықтан несімен ерекшеленеді?
Меценат жеңімпаздарды таңдауға және жазушылардың қазір және болашақта жазатын жұмыстарының мазмұнына ықпал етпейді. Сыйлық сайтының атауы латынның Mecenat деген жалпы есімді білдіретін сөзінен шыққан, ол Римнің әйгілі тарихи тұлғасы, император Август кезінде өнер қамқоршысы болған Меценаттың (Gaius Cilnius Maecenas — лат.) атымен байланысты.
Тарихшылар
Қайта өрлеу дәуіріндегі Лоренцо
Медичидің, сондай-ақ король XIV Людовик
кезіндегі Мария Манчинидің қызметі
қайырымдылық қағидатының шығармашылық
кеңістіктегі ең үздік адамдарды тұрақты
қолдаумен,
өнердің дамуына септігін
тигізгенін мойындайды. Демек, меценаттық
қайырымдылықтың басқа түрлерінен,
жалпы әл-ауқатқа ақша салуымен және
мәдениеттің қандай да бір бағытына
қызығушылық танытуымен, атап айтқанда,
қазіргі қазақстандық әдебиеттегі
қоғамдық идеалдарды
анықтау, әдеби шығармашылықты ынталандыру,
мәдени дамудың жаңа векторларын,
мәдениетаралық өзара ықпалдастықтың
жаңа бағыттарын іздестіру жолымен
қазақстандық көркем әдебиетті дамыту
және әлемдік әдеби кеңістікке шығару
жолдарын іздейтіндігімен ерекшеленеді.
Осы жобаның арқасында қазақстандық
жазушылардың қолында қоғамның тиімді
және қарқынды дамуына қажетті кезекті
құрал пайда болады.
26. Сіз "ірі проза шығармалары" дегенді қалай түсінесіз?
Іріктеу өлшемшарттары:
27. Жеңімпаз мәтінінің бұдан кейінгі тағдыры қандай болмақ?
Сыйлық берілгеннен кейінгі мәтіннің тағдыры автордың қолында. Жеңімпаз туындының орыс тіліне (егер ол қазақ тілінде жазылған болса) немесе қазақ тіліне (егер ол орыс тілінде жазылған болса) аударылған бірінші нұсқаларын қабылдайды, авторлық құқықтар бойынша шеберлік сыныбына қатысады. Бұдан әрі біз жеңімпаз шығарманың Қазақстанда және шетелде басылып, экранға шығарылуы мүмкін екеніне сенеміз және бұған ықпал ететін боламыз.
28. Егер бірінші Сыйлықтың әлеуетті Жеңімпазы жыл сайынғы екінші байқауда да оқырмандардың көп дауысын жинаса, не болады? Жеңімпаз лауреаттың қатарынан бірнеше сыйлықты алуына рұқсат етіле ме?
Лауреат байқауға тек бір рет қатыса алады. Әрі қарай Жеңімпаз тек сайттағы Оқырман мәртебесін таңдауға және байқауға ұсынылған жаңа жұмыстар үшін дауыс беруге құқылы.
29. Егер мен бірінші жылы Сыйлық алмаған болсам, қайта қатыса аламын ба? Бір уақытта қанша жұмыс ұсынуға болады?
Иә, Қатысушылар шексіз рет өтініш бере алады, бірақ жыл сайын бір ғана ең үздік жұмысын ұсына алады. Егер сіздің әлі еш жерде жарияланбаған көптеген қолжазбаларыңыз болса, келесі байқаудың жариялануын күтіп, кезекпен ұсынуыңызға болады.
30. Менің ойымша, байқауға аз уақыт бөлінеді. Жарты жылдаүлкен шығарма жазып шығу мүмкін емес.
Сапалы көркем әдебиет кездейсоқ пайда болатын нәрсе емес — бұл жоспарланған іс-әрекеттің жемісі, авторлардың жылдар бойы ойында жүретін сюжеттік желісінің арқауы. Біздің ойымызша, Сыйлық байыпты жазушыларды жұмыс уақытын жоспарлай білуге және өз жұмысын сарапшылардың назарына ұсынуға және кәсіби жазушылардың таңдалған жұмыстарын талдау өрісіне тыңғылықты тартылуға ынталандырады.
31. Модерацияға жататын ридерлерді, топиктерді және түйінді сөздерді таңдау қалай өтті? Қандай да бір себептермен қабылданбаған өтінімдердің жайы не болмақ?
Жобаға шақырылған әдеби және техникалық сарапшылар кеңесі осы және басқа да маңызды мәселелер бойынша кеңес беріп келеді. Біздің YouTube каналымызда сіз бүкіл жоба барысында әдебиет саласындағы көшбасшылардың пікірлерімен және ұсынытарымен таныса аласыз. Ридерлер Байқау туралы ережені бұзған Қатысушылардың барлық өтінімдерін (иесі бүркемеленген өтінімдер мен естеліктер жойылады) жоба сайтында өтінім беруші-қатысушылардың аты-жөндері тізім түрінде жарияланады.
32. Неліктен сюжет 1900 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтиды?
120 жыл шартты түрде 20 жылға бөліп есептейтін болсақ, (яғни, бұл биологиялық жасқақатысты емес) авторлардың 6 буынына (алты дәуірге) шығады және қазақстандық заңғар әдебиеттің әлі де болса қайта өрлеу дәуірі алда екенін ашып көрсетеді:
Сюжет 1900 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді, осы кезеңдегі кез-келген уақытты қамти алады.
33. Қандай жанрда жазуыма болады?
Сіз кез келген туындыны (балаларға, жасөспірімдерге, ересектерге арналған, өлең түрінде, тарихи, фантастикалық және т.б.) жаза аласыз және оны жоба серверіне бір файлмен жүктейсіз.
34. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, дауыс беруге тек Қазақстан азаматтары ғана қатыса алатын болса, жоба неге шетелдік оқырман үшін тартымды болуы тиіс?
Көптеген студенттер мен әдебиеттанушылар қазақтың ауыз әдебиетін, жазбаша әдебиетін зерттеумен айналысады. Ал олар 1900 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихи кезең жете зерделенбегенін байқайды. Біздің арамызда уақыт пен географиялық кеңістікте едәуір айырмашылықтар бар екеніне қарамастан, белгілі бір халықтың өнер туындыларындағы кейіпкерлердің тағдырлары ұзақ уақыттан бері жаһандануға ұмтылып жүрген бүгінгі мәдениеттің әртүрлі деңгейлеріндегі шындықты бейнелейді. Айталық, Қазақстандағы посткеңестік кеңістіктегі мәдениеттер мен тілдер қоспасының жалпы бейнеде сомдалуы және лингвистикалық ерекшеліктері бізге және шетелдік оқырманға өз мұңы мен болашаққа деген үмітінің түп-тамырын табуға, республиканың географиялық көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орындағы қазіргі Қазақстан аумағындағы орта-азиялық мәдениетті түсінудегі тарихи олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік береді.
35. Менің идеям бар, бірақ оны жүзеге асыруға әлі мүмкіндігім жоқ. Бұл мәселеде "Меценат" көмектесе ала ма?
Меценаттық қайырымдылықтың басқа түрлерінен мәдениеттің қандай да бір бағытына қызығушылық танытуымен ерекшеленеді. Меценаттық — атаулы көмек емес. Егер меценат белгілі бір адамға стипендия немесе грант беруді шешсе, ол оны бір адамға берілетін көмек ретінде қарастырмайды. Сондықтан, егер романыңыз әлі жазылып болмаған болса, келесі жылға өтінім берсеңіз болады. Сәттілік тілейміз!
36. Сыйлық жеңімпазы жарияланғаннан кейін жұмыстардың тағдыры не болмақ?
Романдардың қолжазбалары рецензияланбайды және қайтарылмайды, оларды өтініш беруші тікелей серверге жүктейді, содан соң модерациядан кейін дауыс беру басталатын күні сайтқа автоматты түрде орналастырылады.
Сыйлық жеңімпазын жариялағаннан кейін mecenat.kz сайтындағы барлық байқау шығармалары жойылады. Жаңа өтінімдер кезекті жыл сайынғы байқау басталған күннен бастап қаралады және сайтқа жүктеледі. Өтінімдер жоба серверінде тек байқау кезеңінде сақталады, содан кейін жойылады.
Шығармалардың кейінгі тағдыры толықтай автордың қолында. Жеңімпаз-автор туралы ақпарат болашақ Жеңімпаздар туралы бетте жарияланады, онымен барлық ниет білдірген баспагерлер мен оқырмандар кез келген уақытта онлайн режимінде еркін таныса алады.
37. Жоба авторлық құқықты сақтау мәселелерін қалай қамтамасыз етеді?
Сыйлық жобасы коммерциялық емес. Жобаны ұйымдастырушылар қолжазбаларды рецензияламайды және авторларға қайтармайды. Жеңімпаз жарияланғаннан кейін біз ол үшін авторлық құқық туралы дәріс ұйымдастырамыз. Сайттағы Пайдаланушы келісімінде Оқырмандар қатысушылардың көпшілікке жария етілген туындыларын таратпау шартымен келіседі. Қатысушылар тіркелу кезінде біздің ридерлерге өзінің туындысын беру туралы жария офертамен келіседі, онымен модерациядан кейін танысуға және оқырмандардың дауыс беруіне ұсынуға болады.
38. Жеңіске жеткен жағдайда авторлық роялтиге кім құқылы?
Өтінім беру кезінде байқауға қатысушылар БАҚ іс-шараларына қатысуға, жеңіске жеткен жағдайда бірінші басылымы мен аудармасына келісім береді, авторлық роялти автордың өзінде қалады.
39. Неліктен дәл осындай сома белгіленген?
Қазақстан туралы үздік роман үшін берілетін жыл сайынғы сыйлықтың әр жеңімпазына бөлінетін капитал қазірдің өзінде әлемдегі ең беделді әрі ірі марапат — әдебиет саласындағы Нобель сыйлығынан, сондай-ақ International IMPAC Dublin Literary Award-тан кейін іс жүзінде бесінші жүлде қоры болып табылады.
40. Ал егер кітап өтінім берген сәтте дайын болмай, бірақ нәтижелері жарияланғанға дейін басып шығарылса ше?
Әлемдегі басқа конкурстар мен фестивальдерде мұндайға жол беріле ме? Әрине, жоқ. Егер сіз өз талантыңызға сенімді болсаңыз, біздің конкурсымызға қатысқаныңыз жөн, өйткені биікке бірден көтерілуіңіз мүмкін.
41."Жарияланған" немесе "жарияланбаған" шығарманың анықтамасы қандай?
Қазір интернетте чат, форум, мессенджерлер, түрлі әлеуметтік желілер, өзіндік жарияланымдар сайттары, электрондық баспалар және онлайн-журналдар, онлайн-порталдар және т.б. көптеген ресурстар бар екені белгілі. Біз мұның бәріне кітапхана тұрғысынан қараймыз. Кітапханалар туындыларды ISBN немесе ISSN деп бөледі. Егер сіз романыңыз қағаз немесе электронды журналда жарияланған болса, бұл жұмыс конкурсқа ұсынылмайды, ол ISSN болып саналады.
42.Неліктен дауыс беру кезінде жұмыстардың авторлары көрсетілмейді?
Біз дауыс беруші және кездейсоқ оқырмандар тарапынан түрлі келеңсіздіктер орын алмас үшін шығармалардың авторларының аты-жөнін жасырамыз. Егер сәтсіз шыққан бірлі-жарымды сөйлемдері үшін ойы таяз, теріс пиғылды оқырмандар авторларды күлкіге айналдыратын болса, авторлар үшін бұл ауыр соққы болуы мүмкін. Кейбір адамдардың жаны тез жараланады, олар бүркеншік ат жамылған ақымақ адамдардың ауыр сөздерін, тұрпайы әзілдерін, жағымсыз пікірлерін көтере алмауы мүмкін. Біреулері тіпті айтылғандарды терең қабылдап, ауырып қалуы да мүмкін.
43. Ережеде айтылған "үміт беру" деген сөз нені білдіреді?
Ережедегі "үміттендіру, үміт отын жағу" туралы сұрақ көп түседі. Қарапайым тілмен айтқанда, туындының соңында бәрі қырылып қалмауы тиіс, оқырман "бәрі бітті, өмір сүрудің қисыны жоқ" деген ойға келмеуі тиіс. Сондай-ақ "бүкіл әлем біздің елге қызыға қарайды" деген жалған даңқ-дақпырттың да керегі жоқ. Мұндай "жөнсіз шатпақтың" ұяты біздерге – меценат пен оның әріптестеріне келеді. Оркестрмен туш ойнау, әсірелеу – бұл көзбояушылық, алайда 1990-1993 жылдардың киносы сияқты "атыс-шабыс" та абырой бермесі анық.
Болашаққа үмітті не бере алады деген сұрақты алдымен өзіңізге қойыңыз. Мейлі ол атом болсын, мейлі квант болсын. Бірақ тек сіздің миыңыздың қатпарынан шыққан нәрсе болсын.
44. Сонымен саяси роман жазуға бола ма?
Қалауыңыз білсін! Бірақ ҚР президенттерін сөз етпеңіз, күш қолдануға, үкіметті құлатуға шақырмаңыз. Әйтпесе жұмыс дауыс беруге жіберілмейді. Яғни саясатты МӘДЕНИ ТҮРДЕ жеткізіңіз - елірме сөзге, экстремизмге, жағымсыз эмоцияларға бой алдырмай, ойланып жазыңыз. Өкінішке орай, қазіргі зиялы ортадағы көптеген адамдар мәдениеттен алыстап кетті. Біз әлеуметтік желілердегі публицистика, саясаттанушылық немесе тарихи монография туралы емес, романдар туралы айтып тұрмыз.
45.Маған Сіздің қойған шарттарыңыз ұнамайды. Не істеуге болады?
Өте жақсы! Бұл байқауға қатыспай-ақ қойыңыз, басқасына қатысыңыз немесе өз байқауыңызды ойлап табыңыз.