Тарковскийдің «Зеркало» фильмінің ең басында қатты кекештенетін жігіт туралы дәрігердің деректі жазбасы көрсетіледі. Бірнеше минуттық процедуралардан кейін ол «Мен сөйлей аламын!» деп айта алды.
Біз сөйлей аламыз.
«Біз – тағдыры бір Қазақстан халқымыз»!
Біз – ешкімге ұқсамайтын, өзіндік көзқарасы бар бірегей халықпыз. Біздің көне тарихымыз бар. Қазіргі таңда кино, музыка, мәдениет және ғылым саласында көптеген жарық жұлдыздарымыз бар. Біздің болашағымыз зор. Біздің ақиық ақындарымыз бар.
Ал роман жазушылар қайда?!
«Абай жолы» романының сюжеті шамамен ХХ ғасырдың басында аяқталады. Келесі 120 жыл сөйлемдері қанатты сөзге, ал кейіпкерлері әлемге танымал болатындай ашылмады. ХХ ғасырда ұлы қазақ романының көлеңкесі өтті. Бәлкім, Әуезовтің деңгейіне бәрінен бұрын Бауыржан Момышұлы жақын болған шығар, бірақ оның «Жанұя» атты повесі 1916 жылдың маусымында кездейсоқ аяқталмай қалды.
Сонымен бірге ежелгі қазақтар – кем дегенде, 40 ірі эпостың авторы. Бізге кең, эпикалық ойлау, табиғи құмарлық, поэтикалық импровизацияның жоғары мәдениеті, дүниежүзілік ашықтық және бауырмалдық тән. Мыңдаған жылдар бойы көшпелі тайпалар әлемге өзінің ерекше көзқарасын қалыптастырды.
120 жылда біздің тарих алуан түрлі трагедиялық және комедиялық оқиғаларды бастан кешірді. Қазақстанда 20 ғасырдың аласапыран кезіндегі ата-бабаларымыздың естеліктері қалмаған этнос, отбасы жоқ. Ал біз, 70-80 жылдары туғандар, Қайта құру кезеңі мен аласапыран 90 жылдарды есімізде сақтап өстік. Жердің барлық тұрғындарына біздің өзгешелігімізді, біз жайлы түсіндіріп беретін тарихи романдар жазуға болады.
Біздің ел – кең байтақ ел. Оның аумағы Еуропа одағы 2010 жылы кеңейгенге дейін үлкен болған. Тамаша «жолдар романын» жазуға болады. Бұл жолдармен біздің режиссерлар мен кино сценаристер бұрыннан жұмыс істеуде.
Біздің халық 100 жылда толық сауатсыздықтан бастап, әлемнің үздік университеттерінде көптеген докторанттардың шығуына дейін қанша жолдардан жүріп өтті. Бұл – «тәрбие романын» жазуға бірден-бір себеп.
Қазіргі Қазақстан туралы фантастикалық, психологиялық, балалар туралы т.б. романдар жазуға болады. Романды өлең түрінде жазыңыз. Жаңа стиль, жаңа сөздер, жаңа ағым, уақыттың жаңа ауқымын жасап шығарыңыз. 120 жылды 80 бетке сыйғызыңыз немесе 1 минутты 400 бетке созыңыз. Тек жалықтырмайтын кез-келген жанрда болуы керек.
Жаңа ғана төлқұжатын алған 18 жастағы жігіт те, бойжеткен де қатыса алады. Тіпті 80 жастағы қария да қатысып, жеңімпаз атануы мүмкін. Астананың орталығынан, не шалғай ауылдан шыққан, шекара тұрғыны да жеңімпаз атанады, тек біздің төлқұжат болса болғаны.
Бұл әдеби байқауға қатысудың өзі – үлкен жеңіс деуге болады. Өйткені өзін, болмысын, ұжымдық жандүниесін ой елегінен өткізетін ұлт қана ең үлкен жетістіктерге және адами мәрттікке қабілетті. Бізді бөлетін нәрсені ұмытып, біріктіретін нәрсені есімізге түсіргенде ғана үнемі бірлікте боламыз.
Кейбіреулерге біздің байқау шарттары ұнамауы мүмкін. Тамаша! Өзіңіздің әдеби байқауыңыз бен сыйлықақыңызды жасаңыз. Мұндай әдеби сыйақы неғұрлым көп болса, соғұрлым бәріне шарапаты тиеді.
Жазушының жалғыз дәлелді қорқынышы – қоғам, мемлекет, «цензура», көпшіліктің талқылауынан қорқу немесе қазіргі ақымақтық әрекеттер емес, – ақ парақ алдындағы қорқыныш. Ақ парақта ойдан шығарылған, бірақ шынайы әлемді бейнелеуден асқан таза, қорқынышты да қиын нәрсе жоқ.
Неге роман? Өйткені бұл жанр басқа жанрлардың,тіпті өнер түрлерінің туындауына себеп болатын мұзжарғыш іспеттес.
Жоба 2003 жылдан басталды. Сол кездері мен демеушілерді белсенді түрде іздестірдім. 2021 жылдың басында мен біздің меценаттың мақұлдауын алмағанымша, бұл әрекетім 2005, 2009, 2011, 2013, 2016 жылдары да жалғасты.
Әрине, біз болашақта жобаны одан әрі кеңейту жағын ойластырудамыз, яғни барлық қазақ диаспорасына, басқа жанрлар мен өнер түрлеріне анасақ дейміз. Біз мәдениетіміздің дамуын ынталандыра отырып, жыл сайын жұмыс істейтін жоба құруды армандаймыз.
Осы бір менің кішкентай жазбам күмәншіл және ұяң жандардың бойындағы барлық үрейін жойып, осы байқауға қатысуына көмек болсын. Жұмыс неғұрлым көп болса, соғұрлым көпшіліктің сапалы қазақ әдебиетіне назары да ауады. Сіз түбінде жеңіске жетесіз. Бәріміз де жеңіске жетеміз.
Әдебии байқаудың негізін қалаушы,
Ерлан Асқарбеков
Сыйлықақының негізін қалаушы,
Ерлан Асқарбеков
20-21 ғасырдағы қазак тілді отандық проза туралы Бақытжан Қанапьяновтың мәтіні
20-21 ғасырдағы орыс тілді отандық проза туралы Павел Банниковтың мәтіні